No Comments! Dean Cox көзімен

Құрылтайға Стокгольмнен келген кәсіби фотожурналист, медиа тренер Дин Кокс мультимедиа өнімдерін әзірлеу бойынша арнайы шеберлік сыныптарын өткізді. Құрылтай барысында түсірген Диннің суреттерін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Ербол Серікбай (yerbol89) өз презентациясының тақырыбын бағдарламаға жазып жатыр @Dean Cox

Әрі қарай

Керек, керек...


1. Сағын Германиядан келді. Алматыда жүр. Павлодардан Өмірбек пен Айжан қазір пойыз ішінде болуы керек. Бірін бірі танымайды :) Ертең таңертең Қостанайдан екі блогшы және Париж бен Стокгольмнан блогшылар келеді. Күтіп алуымыз керек.
Әрі қарай

Дауыс беруден шет қалма!



Достар, блогтар байқауына өтініш қабылдау мерзімі аяқталса да, оған қатысуға ниет білдірушілер саны толастар емес. Айтайын дегенім, біріншіден, байқау ережесі бойынша байқауға тіркелу наурыздың 8-і күні аяқталып қойды.
Әрі қарай

Тех.тақырыпта презентация жасайтындардың назарына!



Блогкэмпта техникалық презентация, мастер-класс жасаймын дегендер осында өз пікірлерін жазса деймін. Асхат техникалық тақырыптарға арнап, бөлек зал сұрамақшы. Мұндай тақырып жүргізетіндер көп пе соны анықтау керек болып тұр.
Әрі қарай

Байқауға ұсынылған блогтармен таныс болыңыз!!!

Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.

Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.

Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Әрі қарай

Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу



Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!

Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Әрі қарай

Виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. кімге Шақырту керек?

Ағайыыыын!

Құрылтайға ешкімді шақырмайтынымызды білемін ғой. Десе де қазіргі қағазбастылық заманда кейбір кісілерге виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. жағдаяттарға орай Ресми шақырту керек болса, алдын ала хабар берулеріңізді өтінемін.

пысы. Егер дайын мәтіндеріңіз болса, оны да қоса тіркеп, поштама жібере салыңыздар. Рахмет!
Әрі қарай

Блог құрылтай өтетін орын

Жұма күні KIMEP-тегілермен кездесеміз деп уәделескенбіз. Олар Блог құрылтайға арнап 7 аудитория бөлінгенін айтты. Сосын кофе-брейк үстелдерін шайға арналға дастарханды қайда қоямыз жаямыз, оған удленитель қайдан аламыз үлкен шәйнекті қалай қайнатамыз, баннерді қайда ілу керек, оны кім, қалай іледі, қабырғаға плакат жабыстыру үшін кімнен рұқсат алу керек, аудиториядағы комптардың паролін кім береді, инет қосатын болсақ оны кіммен нақтылаймыз т.с.с. елене бермейтін бірақ маңызды жайттарды талқыладық.

Әрі қарай

Үнхабар: Блог Құрылтайдың болғанынан боладысы қызық

Өткен жұма күні Dabai Kerekinfo болмай тұрған кезде Мақпалдың жазып алып, әзірлеген үнхабары.

Ескерту: Арнайы еш дайындықсыз жазылды.

Неге тіркелу керек?
Қандай тақырыпта презентация жасаған дұрыс
Құрылтайда ақша жоғалтып алсаң не істейсің
Блог Байқауға қатысыңдар!
т.с.с. тақырыптарды түртіп өтеміз.

Керекшілер қажетіне жаратар.

Скачать с podkazt.kz


Скачать с podkazt.kz
Әрі қарай

Байқау! Байқау! Байқау!



Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
  • арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
  • байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
  • есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
  • сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.
Әрі қарай